» Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек" ретіндегі кеңестер топтамасы

Автор: admin от 15-05-2016, 03:18, посмотрело: 920

1

1. Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз,тұрмыстық– жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын;эмоционалдық– баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз;мәдени– балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.

2. Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.

3. Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып,білімдеріңізбен бөлісіңіз.

4. Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігінесте ұстаңыз.Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз.

5. Баланыңбос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.

6. Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай,жақсы көретініңізді сездіріңіз.

7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының,сабақ кестесімен танысыңыз.

 


 

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналар міндеттері

Автор: admin от 15-05-2016, 03:11, посмотрело: 625

0
  1. Ата-аналар өз балаларын мектеп орналастырып, қажетті құжаттарды реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге;
  2. Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етуге;
  3. Мектеп мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға;
  4. Баланың өз мектебін сүюге және мектеп құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей ұстауға тәрбиелеуге, бүлдірген жағдайда шығынды материалдай немесе ақшалай төлеп орнына келтіруге;
  5. Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;
  6. Баласының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға , бағаларын, тоқсандық, қорытынды бағаларын біліп тұруға;
  7. Мектеп әкімшілігімен, мектеп ұжымымен, сынып жетекшілеріменмәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды балағаматтауға, реніші болса жеке сөйлесуге;
  8. Бала ауырып жатқан жағдайда немесе басқа дәлелді себеппен қалған жағдайда жедел түрде мектеп хабарласуға, дәрігердің қабылдауында болған жағдайданемесе ауруханада жатқаны туралы анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;
  9. Мектеп оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілуіне сабақ үстінде ұялы телефонын қосып немесе ойынын ойнап кедергі жасамауына үнемі ескертіп отыруға;
  10. Мектеп талаптарын білуге, құрметтеуге оны орындауға және ықпал етуге;

Категория: Ата-аналарға

 

Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

Автор: admin от 15-05-2016, 03:08, посмотрело: 3612

0
Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

Оқушылардың құқықтары:
1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;
2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен  курстарын таңдауға;
3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
 
Оқушылардың міндеттері:
 
1. Әрбір адамның ар мен  намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытты  толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендерді құрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.
8. Үлкенге -  құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

Категория: Оқушыларға

 
Назад Вперед