Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 03:30, посмотрело: 722

10

1.Балаңыздың ҰБТ-ға барар алдындағы алдын-ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайлылықпен қарамай, дұрыс ақыл-кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың бөлме интерьеріне мән беріңіз. Оның жататын бөлмесін сары мен күлгін түсті көп енгізуге тырысыңыз. Себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
3.Балаңыздың көңіл-күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз.
4.Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз.
5.Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс-жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз. (грек жаңғағы, балық т.б.)
6.Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз. (8 сағат түн ұйқысы бұзылмау керек)
 7.Ешқашан балаңызды сынап-мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.
 8.Балаңызға көмектесіңіз. Үй шаруа-сын қоя тұрып, қолыңызға секундомер алыңыз. Тестілеуге кететін уақытты есептеп, дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұрыңыз. Айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп, сергіту жаттығуларын жасауға дағдыландырыңыз.
9.Күн сайын дайындықты балаңыз нашар білетін қиын тақырыптан бастаңыздар.Жаңылып қалған жері болса, баланы кемсітіп, ұрыспаңыз. Аса үлкен шыдамдылық танытқаныңыз жөн.
10.ҰБТтапсыруға психологиялық даярлықты оқушылардың өз уақыттарын дұрыс пайдаланулары да анықтайды. Оның өзінде әрбір 30 минуттан кейін үзіліс жасап, дем алған жөн. Бірақ бұл үзіліс 3-5 минут қана болуы керек. Ал әрбір екі сағаттан соң 20-30 минуттық үзіліс жасау керек. Жалпы, тестке күніне 6-8 сағат дайындалған жөн. Үзіліс кезінде теледидар көру, музыка тыңдау, агентте отыру дұрыс емес. Бұл кезде қозғалыс, қимыл қажет. Сонымен қатар тестке даярлық кезінде бала әдеттегіден 1-2 сағат ұзағырақ ұйықтағаны дұрыс болады. Баланың уақытымен тамақтанып, дем алуы керек.
11. Балаға «ұйқы ашуға жақсы» деп, кофе, шай беруге болмайды.Сынаққа дайындалып жүрген балалардың жүйке жүйесінде қозу процесі өзінен-өзі аса жоғары болады. Оның үстіне ащы немесе көп мөлшердегі кофе, шай бұл процесті одан сайын арттырып жібереді. Соның нәтижесінде зейін тұрақсыз, шашыраңқы болып, бала материалға зейін қоя алмай, оның дайындығына зияны тиеді.

 

Категория: Ата-аналарға

 

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады? (Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)

Автор: admin от 15-05-2016, 03:27, посмотрело: 1472

44

        Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
•          Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
•          Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
•          Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін. 
•          Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 
•          Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.
 
 

 

Категория: Ата-аналарға

 

Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек" ретіндегі кеңестер топтамасы

Автор: admin от 15-05-2016, 03:18, посмотрело: 920

1

1. Баланың сабағын жеңілдететін жағдай жасауға тырысыңыз,тұрмыстық– жақсы тамақтану, тұрақты режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын;эмоционалдық– баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз;мәдени– балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.

2. Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.

3. Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтып,білімдеріңізбен бөлісіңіз.

4. Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігінесте ұстаңыз.Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз.

5. Баланыңбос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.

6. Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай,жақсы көретініңізді сездіріңіз.

7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының,сабақ кестесімен танысыңыз.

 


 

Категория: Ата-аналарға

 

Ата-аналар міндеттері

Автор: admin от 15-05-2016, 03:11, посмотрело: 625

0
  1. Ата-аналар өз балаларын мектеп орналастырып, қажетті құжаттарды реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге;
  2. Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етуге;
  3. Мектеп мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға;
  4. Баланың өз мектебін сүюге және мектеп құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей ұстауға тәрбиелеуге, бүлдірген жағдайда шығынды материалдай немесе ақшалай төлеп орнына келтіруге;
  5. Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;
  6. Баласының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға , бағаларын, тоқсандық, қорытынды бағаларын біліп тұруға;
  7. Мектеп әкімшілігімен, мектеп ұжымымен, сынып жетекшілеріменмәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды балағаматтауға, реніші болса жеке сөйлесуге;
  8. Бала ауырып жатқан жағдайда немесе басқа дәлелді себеппен қалған жағдайда жедел түрде мектеп хабарласуға, дәрігердің қабылдауында болған жағдайданемесе ауруханада жатқаны туралы анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;
  9. Мектеп оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілуіне сабақ үстінде ұялы телефонын қосып немесе ойынын ойнап кедергі жасамауына үнемі ескертіп отыруға;
  10. Мектеп талаптарын білуге, құрметтеуге оны орындауға және ықпал етуге;

Категория: Ата-аналарға