Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады? (Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)
Автор: admin от 15-05-2016, 03:27, посмотрело: 1472
44
Оның
уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
• Мектеп
туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
• Бала
тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды
көрсін.
• Өзіңіз
оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін
білсін, көрсін.
• Компьютерлік
ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
• Балаға
өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат
жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол
оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық
отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
• Мектеп
пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің
өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
• Мектепте
сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және
де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін
жоғалтпауға көмектесіңіз.
• Кейде
бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы
мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
• Балаңызға
ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан
аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір
нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
• Әдетте
бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны
жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.
Категория: Ата-аналарға